Новости

(Русский) ЮЛДАШЕВ ДАНИЯР, ЕРЛЕР, +75КГ ЖӘНЕ БЕРЮЛЬЦЕВА СОФЬЯ, ӘЙЕЛДЕР, +61КГ ҚҰРЛЫҚТЫҚ ЖОЛДАМАҒА ИЕ БОЛҒАН

Sorry, this entry is only available in Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ЮЛДАШЕВ ДАНИЯР, ЕРЛЕР, +75КГ ЖӘНЕ

БЕРЮЛЬЦЕВА СОФЬЯ, ӘЙЕЛДЕР, +61КГ

ҚҰРЛЫҚТЫҚ ЖОЛДАМАҒА ИЕ БОЛҒАН

WWW.OLYMPIC.KZ:

Халықаралық карате федерациясы (WKF) Олимпиадалық рейтинг бойынша Токио Олимпиадасына жолдама алған спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz. Халықаралық карате федерациясы мәлімдегендей, қазақстандық Софья Берульцева (+75 келі) мен Данияр Юлдашев (+61 келі) құрлықтық жолдамаға ие болып, Қазақстан қоржынына қос жолдаманы алып келді. Айта кетерлігі, каратэден Қазақстан құрамасынан Токио Олимпиадасына бес жолдама бар. Оосыған дейін Дархан Асаділов рейтингте қарсыласынан 1000 ұпай алда болғандықтан мерзімінен бұрын Олимпиада лицензиясына иелік етті. Ал Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) мен Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) Парижде өткен лицензиялық жарыста жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейік, каратэ Олимпиада ойындарының бағдарламасында алғаш рет ұсынылған. Каратэ бойынша жарыс 6-8 тамыз аралығында өтеді. Токио Олимпиадасына барлығы 82 каратэші (40 әйел және 42 ер адам)  қатысады. Оның ішінде 61 кумитэден және 21 ката бойынша бақ сынайды. Каратэ бойынша Олимпиада ойындарына барлығы 34 елден спортшылар қатысады. Олимпиадаға іріктеу екі жылға созылды. Рейтингтік жарыстарда спортшылар ұпай жинады. Қазіргі таңда #TeamKZ қоржынында 26 спорт түрінен 72 жолдама бар.
Толығырақ: https://olympic.kz/kk/article/21039
Кез-келген материалды қолдану барысында olympic.kz сайтына гипперссылка беру міндетті