Uncategorized Новости

18th ASIAN GAMES / JAKARTA*PALEMBANG-INDONESIA / 25-27 AUGUST 2018

18th ASIAN GAMES

JAKARTA/PALEMBANG

25-27 AUGUST 2018

Technical Handbook for Karate

2018 жылы Джакартада өтетін Азия ойындарына қатысатын каратэшілер құрамы:

Ерлер:

60 келі – Дархан Асаділов

67 келі – Дидар Әмірәлі

75 келі – Ермек Айназаров

+84 келі – Данияр Юлдашев

Әйелдер:

50 келі – Мөлдір Жаңбырбай

55 келі – Сабина Захарова

61 келі – Мәдина Өтелбаева

68 келі – Гузалия Гафурова

2010 жылғы Азия ойындарында алтын жүлде иеленген каратэші Дархан Асаділовөз жетістігін биыл да қайталаудан үмітті.

«Джакартадағы ойындар мен қатысатын үшінші Азиада. 2010 жылы Гуанджоуда өткен Азия ойындарының алтынын иеленген соң, бұл жолы да чемпиондарша тұғырда тұрып, өз елімнің Әнұранын естуді мақсат еттім. Бұйырса, биыл да солай болады деген сенімім сол», — дейді Дархан.

Ұлттық құраманың бас бапкері Жасталап Санауовтың айтуынша, Қазақстандық каратэшілер Азия ойындарынан тұрақты түрде алтын алып келеді.

«Қазақстандық каратэшілер Азия ойындарынан жалпы есебі 5 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль иеленген. Биылғы ойындарда бізді үлкен бәсекелестік күтіп тұр. Өйткені, каратэнің Олимпиада бағдарламасына енуі спорттың маңыздылығын арттыра түсті. Біз ұлттық құрама қоржынына жүлде салу үшін аянып қалмаймыз», — дейді бас бапкер Жасталап Санауов.

Еске сала кетейік, Джакартадағы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді.